Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құл-Мұхаммед елбасының атынан Ақтөбеде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

 

Таңертеңнен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед лаңкестер қолынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына барып, көңіл айтты.

20160607131805

«Нұрсұлтан Әбішұлы сіздерге көңіл айту үшін арнайы мені жіберді. Мемлекет басшысы кінәлілерді заңнама аясында қатаң жазалауға тапсырма берді. Бұлар адам емес, оларды ешқандай да діни уәж ақтай алмайды. Біз қайғыларыңызға ортақпыз. Барша Ақтөбе, барша Қазақстан сіздермен бірге. Біз кінәлілерді ұстадық, қалғандарын табамыз, яғни олардың кімдер екенін білеміз», -деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ернұр Бураханның хабарлауынша, қаза болған ақтөбеліктердің денесі туыстарына ертең жеткізіледі. Қақтығыс кезінде көз жұмған әскери қызметшілердің мәйіттері ұшақпен туған елді мекендеріне жіберілді.

Әскери қызметкер Берік Қалиевтің денесін БҚО Жәнібек ауданынына, Сапар Досболдың денесін ОҚО Шардара ауданына жерлейді.

33_main

Сурет: khabar.kz

37 жастағы келісімдегі әскери қызметкер Берік Қалиев Ақтөбедегі №6655 әскери бөліміндегі шабуыл кезінде қаза тапты. Оның артында әйелі мен 4 баласы қалды.

Осы шабуыл кезінде ОҚО-нан келген 19 жастағы әскер Сапар Досбол қайтыс болды.

Бұған дейін Ақтөбедегі атыс кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің қаза тапқанын, қайтыс болған әскери қызметкердің артында 4 баласы қалғанын хабарлаған едік.

«Мен бүгін қаза тапқан Берік Қалиевтің отбасымен кездестім. Заң бойынша бұл отбасыға соңғы бес жылдағы жалақы көлемінде материалдық көмек көрсетілуі керек. Бұл 5 миллион теңгені құрайды. Бұдан бөлек біз бұл отбасыға материалды көмек көрсетеміз», – дейді БҚО-ның әкімі Алтай Құлгинов. Әкім жерлеу рәсіміне де жәрдем беретінін айтты.

Бүгін Сапар Досболдың денесін Ақтөбеден Шымкентке ұшақ арқылы жеткізді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қаза тапқан жауынгер Шардара ауданыны, Көксу ауылының тумасы. Жас жауынгердің денесін ертең жерлемек.

Талқылау