Ақтөбеде ер адам өзгемен көңіл қосқан әйелін тұншықтырып өлтірді

Жұма, 13 Мамыр , 2016 12:06

Ақтөбе облысында ер адам өзінің жаңа сүйіктісінің атын атаудан бас тартқан әйелін тұншықтырып өлтірген.

sdsd

Бұл туралы time.kz хабарлайды.

Қарғалы ауданында дәрігер болып істейтін әйел өзінің күйеуіне өзге ер адамды сүйіп қалғанын, ендігі өмірін сонымен жалғастыратынын айтады. Қайғылы оқиға да осы күні орын алған. Әйелінің бұл қылығына ашуланған күйеуі әлгі ер адамның есімі кім деп сұрақтың астына алады. Алайда әйелі оның атын атаудан бас тартқан.

Ақыры ашуға булыққан күйеуі оны шарфпен қылғындырады. Есінен танып еденге құлап түскен әйел, көз жұмған. Кейін жүргізілген сараптама нәтижесінде әйелдің тұншықтыру нәтижесінде қайтыс болғанын анықтаған.

Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • жумбак жан says:

    Дурыс жасаган обалы жок…балебарма еркектин намысына тип

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар