Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде екі жігіт 84 жастағы қарияны байлап қойып ұрып-соққан

Ақтөбеде екі жігіт 84 жастағы қарияны ұрып-соғып, ақшасын тартып алған. Оқиға 7 желтоқсанда болды.

Ақтөбеде екі жігіт 84 жастағы қарияны байлап қойып ұрып-соққан

Орталық көшеде орналасқан үйінде Александр Николаевич жалғыз өзі болған. Үйге әлдекімдер келіп, есік ққан. Қария кім екенін сұрағанда, электр мамандарымыз деп жауап берген, деп жазады «Актобе Таймс».

“Есікті ашып едім, екі жігіт кіріп келді. 30-35 жастағы жігіттердің қолында пышақ болды. Мені орындыққа байлап қойды. Ұрып-соғып, бетімді қанатып тастады. Ақшаның қайда екенін сұрады. Үйдің астаң-кестеңін шығарды”, – дейді ол.

Ұрылар қарияның қалтасындағы 17 мың теңгені алып, түймелі телефонын алып кетеді. Олар қарияны өлтіреміз деп қорқытып, тіс жармау керек екенін айтады. Олар кеткен соң қария қолын шешпек болып ұмтылғанда, орындығымен бірге құлап қалады. Есіктің бәрі жабық болған. Сыртқа шығуға қорыққандықтан, төртінші қабаттан арқанмен түспек болыпты. Осы кезде үй телефонына қызы хабарласады. Әкесі мән-жайды айтқан соң, қызы полиция мен жедел жәрдем шақырады.

Қария өзіне шабуылдаған екі жігітті оған дейін төрт рет көргенін айтты. Олар қарияға жол беріп қарап тұрған. Полицейлер күдіктілерді іздеп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау