Ақтөбеде екі қыз бұзылып қалған көлікті өздері итерді

Жұма, 28 Қазан , 2016 14:26

Әлеуметтік желіде екі жас қыздың қақаған суықта қарға тайғанап жүрмей қалған көлікті итерген суреті жарияланды.

ш

Ең таңданарлығы олардың көлігімен қатарласа өтіп жатқан көлік қарасы көп. Алайда, екі қыздың шамасы жетпегендерін көрген ешбір ер азамат оларға көмектеспеген сыңайлы.

Инстаграм желісінің aktobe_zello тобында жарияланған бұл суреттің 2016 жылдың 28 қазан күні түсірілгені жазылған.

Желі қолданушылары ер азаматтардың осалдығын, олардың қыздарға көмектесуі тиістігін айтып жатыр. Енді бірі қыздар әйел затына тән нәзіктігін көрсетсе, азаматтар да қол ұшын беретінін жазған.

“Есімде, 1989 жылы анам жаңадан көлік рөліне отырған кезде өтіп бара жатқан ер адамдардың барлығы тоқтап көмектесетін. Бүгінгі адамдар өзгерген», – дейді Ділназ есімді бойжеткен.

“Мен құптамаймын, әрине, көмектесуге де болар еді. Бірақ басқа жағынан алып қарасақ, сіздер сәті түскен сайын теңқұқықтылық жайлы сөз етесіздер, міне қабыл алыңыздар», – деп жауап берді оған жігіттердің бірі.

Айта кетейік, бұл түні Ақтөбені қар басып қалды.

Жіберіп алмаңыз:

Қанат Исламның салмақ өлшеу рәсімінде танымал боксшылар төбелесіп қалды (видео)

Миллионер өзіне адал қызмет еткені үшін хатшысына мұрагерлікке 75 млн евро қалдырған

Қаңғыбасқа 100 доллар беріп аңдыған жігіт оның үйсіздерге тамақ алып бергенін көрді (видео)

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 5 күні кері

Ол өтірік көпке топырық шашпаңыздар мен өзім талай көмектесенмін

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар