Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде домбыраға қойылған ескерткіш жұртты таң қалдырды

Ақтөбелік ұста қаланың қақ ортасына домбыраның ескерткішін орнатты. Қуатбек Ещанов оны үш ай бойы темірден қиып, сыммен түйістірген екен. Бұл жайлы КТК арнасы хабарлап отыр.

ыыы

Ескерткіштің ашылғанына бір күн өтпей-ақ қолына домбыра ұстаған жастар осында бас қосып жатыр. Ұлттық аспапты ұлықтауды жергілікті әкімдік былтырдан бері ойластырған. Бірақ оны темірден істеп шығатын ұста таба алмай әуреге түсіпті.

Қуатбек Ещанов өзіне қолқа салғанда алғашқыда жүрексінгенін айтады. Кейін дәнекерлеуші болып істейтін інісі екеуі іске кірісіпті. Қалыбы мен шанағын темірден қию қиынға соқпаған. Ал ішегіне берік сымды әрең тауыпты. Айта кетелік, қос ішекті домбыраға арналған арнайы ескерткіш бұған дейін елімізде орнатылмаған. Енді ұста өз туындысының астына ерекше бір нақыл сөз жасылса деген ниетін білдіріп отыр.

“Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра” деген сөзді жазып қойса. Ол, міне, қазақпын деген адам болса жүрегінде жаны бар мұны енді бір де бір адам жанынан тек әшейін өтпейді”, – дейді ұста Қуатбек Ещанов.

Талқылау