Ақтөбеде дін жолында жүрген ата-аналар намаз оқитын таксист іздейді
Ақтөбе қаласының тұрғыны бұл туралы желіге хабарландыру жазған.

Тұрғын хабарландыруды Instagram желісіндегі obiavlenie_aktobe парақшасына қалдырған.
Онда тұрғын мектепке баласын апару үшін намаз оқитын таксистің керек екенін жазған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Маған 3 cынып оқитын баламды сабаққа апарып келетін жүргізуші керек. Жүргізуші міндетті түрде намаз оқитын кісі болуы керек», — делінген хабарландыруда.
Желіде көрсетілген нөмірге хабарласқанымызда әйел адам бұл жолдасының талабы екенін айтты.
«Дін жолында жүрген адам керек. Жолдасым намаз оқиды. Әкесі баламды таситын жүргізушінің де сондай адам болғанын қалайды. Басқа адам керек емес», — дейді келіншек.
Тағы да оқыңыз:
Ер адам қателікпен сотталып түрмеде 46 жыл отырған
БҚО-да 12 жастағы қыз бала босанып алды
"Енесі бауыздап өлтірген": Германияда көз жұмған судьяның анасы жантүршігерлік деректерді айтты
Қызымның қанын төккендер әлі жазасын алмады.
Жас отбасы қаладағы жайлы өмірін тастап, Алматыдан 600 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға көшкен
Гауһар ауылын – таудың бөктерінде орналасқан жайлы, өмір сүруге, дамуға қолайлы, әрі қолдау табатын мекен ретінде сипаттады