Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде далада қалған отбасылар күннің суығында күркешеде тұрып жатыр

Тұрғындардың айтуынша әуелде әкімшілік үй тұрғызып болғанша уақытша баспана береміз деп уәде етіпті. Алайда уәде орындалмаған. Енді тұрғындар құрылыс басына күркеше тігіп алып, өлместің күнін кешіп жан бағып отыр.

852

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әкімшілік олардың баспаналары тұруға жарамсыз деп танып, үй тұрғызу үшін құрылысқа материал бөліп бергенімен, уақытша құрылыс біткенше тұратын орын жоқ дейді тұрғындар.

Күннің суығына қарамастан бес баласымен күркешені паналап отырған Жанна Әлекеева үйіміз суға кеткеннен бергі көріп келе жатқан күніміз осы деп ашулы. Күні кеше құрылысты аралаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзін біз тұрып жатқан күркеше жаққа әкелмей, керісінше үйлерін салып бітіріп отырған тұрғындарға апарып қайтарып жіберді деп өкпелейді.

“Міне осында тұрып жатырмыз. Күнде әлі жылынатын емес. Ызғардан балалар тұмауратып қалып жатыр. Бізді ешкім келіп қарап жатқан да жоқ. Көпбалалы, көпбалалы дейді, бірақ бірде бір рет көмектескен емес”, – дейді Жанна Әлекеева.

88555

Бұл отбасының әзірге паналап отырғаны қуықтай ғана күрке. Бес бала осы жерде жатады, осы жерде ойнайды. Ал кешкілік астарын сығырайған шамның көмегімен ішуге мәжбүр. Өйткені бұл жерге электр желісі әлі тартылмапты.

Оған қоса жергілікті биліктің құрылысқа деп берген материалы жетпей жатқан көрінеді. Тіпті кейбіреулері құрылысты аяғына дейін апару үшін банкке қарызға да кіріп жатыр екен. Ал жергілікті билік 2 жарым тонна цемент, 2500 кірпіш, төбеге арналған 63 тақтай мен 6 қаңылтыр жабындыны 800 000 теңгеге өлшеп есептеп берген.

Жалпы, Ақтөбедегі су тасқынынан кейін үйлері жарамсыз деп танылған 81 отбасыға жер телімі мен 1 миллион теңгелік сертификат таратылған. Оның 800 000 – жаңа құрылыс материалдары, 200 000 – жұмысшылардың ақысы деп бөлінген.

Оқи отырыңыз:

Түркістандық полицей Евгений: Балаларымды қазақша тәрбиелегім келеді

Енді кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Әкемнің басына қап кигізіп қойды: Мұратхан Тоқмадидің қызы тұтқындау сәтін айтып берді

ЭКСПО-да “Аттан, қазақ!” деп ұрандатқан Амантай қажымен шетелдіктер суретке түсіп жүр

Талқылау