Ақтөбеде дүкеннен төстартқыш ұрлаған ер адам іздестіріліп жатыр (видео)
Ақтөбеде ер адам қымбат дүкеннен төстартқышты ұрлап кетті. Бұл сәт дүкеннің бейнекамерасына түсіп қалды.

Видеодан байқасақ, жігіт дүкенге кірісімен жан жағын бір бақылап алады. Кейіннен өзін ешкімнің көріп тұрмағанын білген соң төстартқыштардың бірнешеуін қолтығына қыса кетеді. Бұл видео желіде кең тарап кетті.
Көпшілік оның әрекетін әзілге айналдырды. Бірі оны намыссыз еркек деп атаса, бірі әйеліне сыйламақ деп түйді. Оқиға маусымның 8-і күні болды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"