Павлодар облысында балабақша тәрбиешісі ұлын ұрған баланы сабап тастаған

Павлодар облысы Ақсу қаласында бала бақшада тәрбиеші өз ұлын қорғау үшін өзге баланы ұрып тастады.

23 жастағы әйелдің баласын өзге бала тістеп алған. Сол кезде тәрбиеші болып істейтін анасы оны бірнеше рет ұрып, аяғымен тебеді. Кейін баланың ата-анасына шағымданып, баласының ұлын тістеген айтқан, деп хабарлады 31 арна.

Ата-ана Татьяна Мукушеваның айтуынша, тәрбиеші Әли есімді ұлының тәртібіне шағымданған. Ата-ана таспаны көрмек болады. Камерадан тәрбиеші мен ұлының тәртібі Әлиден де нашар болғанын көреді.

«Тәбиеші ұлымды 5-6 рет ұрды. Ұлы екеуі аяғымен тепті. Кеудесінен ұрып, итеріп жіберген. Ұлын қорғап менің баламды ұрған. Ұлымды ешкім қорғамаған», – дейді анасы.

Тәбиеші ұлына өзгенің баласын ұруға үйреткен. Ал, телефонмен хабарласқанда аяғы ауыр болғандықтан ашуға салынғанын айтты.

«Аяғым ауыр болғандықтан жүйкем жұқарып кетті. Қысымым көтерілді. Мен де анамын. Бұған шыдай алмадым», – дейді Ақбота Тілекбедиева.

“Балабақша басшысының бұйрығымен Ақбота Тілекбердиева жұмысынан шеттетілді. Қыркүйекте декреттік демалысқа кетеді. Сондықтан жұмыстан мүлде қуа алмадық. Қазір оны кір жуатын бөлімге ауыстырды”, – дейді Ақсу қалалық білім бөлімінің медодисі Зайра Абдрахманова.

Ақбота Тілекбердиева биыл 7 ай ғана жұмыс істеуде. Осымен мансабы да тоқтауы мүмкін. Ата-ана полицияға шағымданды. Егер оған айыппұл тақса да, білім бөліміндегілер оның бұдан әрі балалармен жұмыс істей алмайтынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар