Ақтөбеде әйелдерді құлдықта ұстаған 53 жастағы ер адамға сот үкім шығарды
Ақтөбеде теміржол бекетінің бастығы 53 жастағы Ғани Ілиясов есімді ер адам бірнеше жыл бойы әйелдерді құлдықта ұстап келген.
Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.
Хромтау ауданындағы фермада жұмыс істеген 29 және 44 жастағы екі әйел қыс айында құлдықтан босатылған.
Әйелдердің нашар жағдайын, барар жері жоқ екенін білген ер адам оларды күштеп ұстап отырған. Ал бастапқы кезде 50-60 мың теңге жалақы төлеймін деп алдап алып келіпті. Осылайша ол құлдыққа түсетін әйелдердің санын біртіндеп арттыра береді. Кейін әйелдердің қашып кетпек болған әрекеттері сәтсіз аяқталған.
Тек олардың арасындағы бір әйел ғана өзінің Ілиясовтың фермасында екенін жазып жібергеннен кейін ғана олар құтқарылған. Ал Ілиясовтың өзі кінәсін мойындамапты. Бірақ, сот бәрібір оны кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға соттады.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"