Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде автобуста тегін жүруден қағылған зейнеткерлер Сапарбаевтан көмек сұрады

Ақтөбелік зейнеткерлер мен мүгедектер қоғамдық көлікте тегін жүру құқығынан қағылды. Студенттер де енді жолақыны толық төлейді. Депуттардың қабылдаған мұндай шешіміне қарттар үзілді-кесілді қарсы.
Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

1447310082_111

Сурет aktobetimes.kz

“Біз баратын жерімізге кейде балаларымыздың қолдары тимейді, біреуі жұмыста жүреді, біреуі басқа шаруасымен жүреді. Өзіміз шығып бара берейік десек, кейде бізде де ақша болмай қалады. Ешкім ойламайды”, – дейді зейнеткер Айжамал Жұмағалиева.

Таңнан бері зейнеткерлер мен кондукторлар керісіп жатыр. Өйткені көбі енді қоғамдық көлікте ақша төлеу керектігін білмеген. Мәслихат депутаттары мен шенеуніктер де жарты жыл бойы бір шешімге келе алар емес. Өйткені автобуста тегін жүрудің орнына зейнеткерлерге алғашқыда әлеуметтік көмек ретінде айына мың жарым теңге жәрдемақы бермек болды.

Ол үшін қарттар мен мүгедектер құжат жинап сабылды. Ақыры тегін жүру құқығынан айырып қана қоймай, жол жүру үшін берілетін жәрдемақыдан да қағылып отыр. Ал автопарктер керісінше, субсидиясыз қалдық деп, жолақыны өсіруді сұрап жүр.

“Өз тарапымыздан сәуір айында хат жаздық қала әкіміне осындай. 75-80 теңгеге дейін көтер деп өзіміздің есебімізді бердік. Енді олар зерттеп жатыр”, – деді «Автопарк» ЖШС ресми өкілі Руслан Жылқаманов.

Талқылау