Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде аудан әкімі алтын сағатын тележүргізушіге шешіп берді (фото)

Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов мүшел жасқа толуына байланысты қол сағатын ырымдап танымал тележүргізуші, Aqto’be арнасының журналисі Қонысбек Терекұлына тарту етті.

Облыстық арнаның түсіру тобы әкімнен «Елдің баласы» хабары үшін сұхбат алуға барған. Әңгіме барысында Ербол  Жеткергенұлының үшінші мүшелді қайырғаны айтылып, осы жаста қымбат, қимайтын дүниелерін таратып беру жөнінде сөз болады, деп хабарлайды Tilshi.kz.

«Сұхбаттан соң, алтын сағатты сыйға тартты. Ал, режиссердің (Жайдарман Ізбасар — ред.) 20 жастағы ұлына деп мойнындағы галстугін шешіп берді. Қалап алдық па, талап алдық па, ырым дедік пе, әйтеуір қарқ боп біз қалдық, «бас садағасы» деп ол қалды. Қазақтың ырымының қырын кеткені жоқ. Тілеуіңізді тіледік. Мүшелден аман өтіңіз. 25-те әкім болдыңыз. 40-ғы қамалыңыз бұдан да биік болсын!», — деп жазады Қонысбек Терекұлы желідегі парақшасында.

Айта кетейік, «Елдің баласы» жобасы аясында өңірге танымал жандармен сұхбат жасалады. Осы жолғы хабар Мұғалжар ауданының қазіргі әкімі Ербол Данағұлов жайлы болмақ.

«Шалқардан шыққан шатақ әкім Мұғалжарға келгелі не тындырды? 37 мүшел жасқа өткен ол қимас заттарын кімдерге таратып берді? Аудан әкімдері неге бәсеке? Жас басшысыны аяғынан шалып, қастандық ойластырғандар кімдер? Галстугін шешкенде кімдерді іздейді? Меншігінде не бар? Анасы туралы айтқанда неге мұңайды? Жуырда, Ербол Данағұлов «Елдің баласында»!, — деп жазады журналист Қонысбек Терекұлы.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлер 11 айлық сәбидің ішінен 16 инені алып шықты

Таразда істі болған сығандар сот отырысындағылардың көзін байлап, қарғыс айтты

Бетіндегі үлкен жарасын алып тастаған бала отадан соң көз жұмды (фото)

Талқылау