Ақтөбеде «Алтын белгі» иегері мектеп түлегін не себепті өлтіргенін айтты

Ақтөбеде мектеп түлегінің өліміне қатысты сот отырысы өтті. Сотта айыпталушы өз әрекетін түсіндірді.

Айыпталушы физика-математика мектебінің түлегі Бекназ Кеңшілік өзге мектеп түлегі Азат Дүсіповты өлтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бекназ Кеңшілік енді оқудың орнына жазасын өтейтін болады.

Айыпталушының айтуынша, би алаңында ол Азат Дүсіповтың аяғынан басып кеткен. Жәбірленуші осы әрекетін кешіре алмаған.

«2-3 күннен соң маған хат жазып, кездесуіміз керек екенін айтты. Не себеп екенін сұрағанымда, аяғын басып кеткені үшін жауап беруім керек екен. Мен ондай жағдай бәрінде болады деп түсіндірдім де, кешірім сұрадым. Алайда ол жеке сөйлескісі келді», – дейді Бекназ.

Екі жігіт аттесат тапсыру кешінде кездеспек болады. Ол жерде Азат мәселені шешуге тырысқан. Бірақ адам көп болғандықтан аяқсыз қалады.

Бекназдың айтуынша, кейінірек үй ауласында кездеседі. Азатқа Әлібекованы шығарып салып, қайтып келетінін айтқан. Алайда Дүсіпов оны шетке алып шығып, жұдырық жұмсайды.

Айыпталушының айтуынша, Дүсіпов оның анасын айтып балағаттаған. Ашуға булыққандықтан Бекназ қалтасынан пышақ алып, сұғып алады.

«Мен тек пышақпен қорқытқым келді. Бірақ ол қорыққан жоқ. Ол менің ең қымбат адамымды айтып балағаттағандықтан, қатты аушыландым. Қылмыс жасағанымды білем. Ата-анасы мен жақындарынан кешірім сұраймын. Мен Азатты өлтірем деп ойлаған жоқпын», – дейді ол.

Сот тыңдалымында марқұмның әкесі ақтөбелік полицей екені аталды. Екі тарап та бір біріне өшпенділік танытып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар