Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде адам жеп сотталған каннибалдар жазасын өтеп, бостандықта жүр

Ақтөбеде 19 жыл жазасын өтеген екі ер адам былтыр бостандыққа шықты. Олар бейімдеу орталығына орналасып, кейіннен орталықтан кетіп қалған.

1998 жылы каннибалдар оқиғасы елді дүр сілкіндірді. Ол кезде бес адам ұсталды. Олар бөтелкелестерін алдымен өлтіріп, кейіннен етін жеп қойған, деп хабарлайды 31 арна.

Руслан Қалышев зират басына сыпырушы, екіншісі Тимур Ғабидуллин әскери коммитеттен шақырту таратушы болып орналасты. Екіншісі ол жұмыстан кетіп қалған. Қайда екені белгісіз. Оны көктемде көрген жандар бар. Айтуларынша, ол қоқыс теріп, арақ ішеді.

Ақтөбе тұғындары екі сотталушының бостандыққа шыққанын естіп, кәдімгідей алаңдай бастады. Олар түрменің адамды өзгертетініне сенбейді.

«Сотталған адамға мүмкіндік беріп, жұмысқа орналастырса да оның түзеліп кетуі екіталай», – дейді психолог Ирина Украинцева.

Мамандар 20 жыл бұрынғы оқиға қайталанбай ма деп қорқады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау