Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 6-шы қабаттан құлаған екі жасар қыз ғажайыптың күшімен аман қалды

Ақтөбеде көпқабатты үйдің 6-шы қабатынан құлап кеткен екі жасар қыз аман қалды.

photo_186140

Сурет diapazon.kz

Бұл туралы Диапазон басылымы хабарлайды.

Соншама биіктіктен құлағанына қарамастан қыздың еш жері сынбаған. Дәрігерлер мен куәгерлердің өзі бұған таңқалуда. Қазір қызды жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміне ауыстырған. Тек оның ішкі құрылысы мен басына және иегіне зақым келген.

Облыстық балалар ауруханасы өкілдері қыздың жағдайы бірқалыпты деп мәлімдеді. Ол қазір сөйлеп, тамақ ішіп тіпті ойнап та жүр екен. Оқиға 28 мамыр күні сағат 19.00 шамасында Набережной көшесіндегі №80 үйде болған. Оқиғаны көшеде жүрген адамдардың барлығы көрген.

“Бұл кезде балалар сыртта ойнап жүрген. Көбісі қорқып кетіп жылады. Олар қыздың көзі ағарып кетіп, ауызынан қан ақты дейді. Ол мүлде қозғалмады әрі жыламады да”, – дейді сол үй тұрғындарының бірі. Бірқатар тұрғындар “жедел жәрдем” келемін дегенше алғашқы көмек көрсеткен.

Ал қыздың анасы ол кезде қауырт шаруамен айналысып жүріпті.

лгонреп

“Бізде қонақтар келіп, мен тамақ дайындап жатқанмын. Біз балконның есігін жапқан кезде, балалар ашпас үшін тұтқасын суырып алып тастаймыз. Аяна шкафтан тұтқаны алып, өзі ашып алыпты. Ұлым Аянаның балконның арқалығына сүйеніп тұрып, сосын құлап кеткенін ғана көріп үлгерген. Маған сосын көршілерім хабарласты. Балконнан қарағанда қызым жерде жатты. Маған мұны айту қиын. Ол тек аз жарақат алған, еш жері мүлде сынбаған. Бұл – нағыз ғажайып нәрсе. Оның періште жебеушісі бар. Аяна өте белсенді қыз. Ол қазір өз-өзіне келіп, ойнап жүр. Әрине, аздап баяулап шаршап қалған”, – дейді анасы.

Сондай-ақ, қыздың анасы қиын жағдай орын алған бұл үйде енді тұрмайтындарын, жер үйге көшетіндерін де айтты.

Талқылау