Ақтөбе тұрғыны жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастады
15 ақпанда Ақтөбе тұрғыны жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастады. Фельдшер әйел адамға көмек көрсетіп жатқанда мас ер адам оған шабуылдаған.

Ішімдік ішіп алып, өзін ашулы күйде ұстаған ер адам 26 жастағы фельдшерге тиісті. Фельдшер бұл уақытта үйге шақырған әйелге шұғыл көмек көрсетіп жатқан болатын, деп жазады «Диапазон»
Әйел кеудесінің ауырғанын айтып, жедел жәрдем шақырған. Әйелдің туысы бұл кезде мас күйде болған. Шұғыл көмек көрсетілгенімен фельдшер дене жарақатын алды. Шырышты қабаты ауыр және орташа деңгейде жараланды. Дәрігерлер ер адам үшін полиция шақыруға мәжбүр болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем фельдшері ауруханаға жеткізіліп, жарасы таңылды. Ол полицияға арыз жазды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?