Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе полициясы ресейлік әйелге көлігін сақтай алмағаны үшін 22 миллион теңге төлейді 

2021 жылдың наурыз айында Ресейдің Обнинск қаласының тұрғыны Оксана Гунның қымбат көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Оның Lexus көлігі үш күннен кейін "Әлімбет" шекара бекетінен табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: drive

Ер адам басқарған шетелдік көлікте қазақстандық нөмір болған, бірақ оны ультракүлгін сәулемен тексерген шекарашылар тіркеу куәлігінің шынайылығына күмән келтірді. Lexus тәркіленіп, сарапшылар көлік таңбаларының өзгертілгенін анықтағаннан кейін ол қалалық айыппұл тұрағына орналастырылды.

Көлік ол жерде екі жыл тұрды. Содан кейін наурыз айында айыппұл тұрағына Белоусов деген біреу келіп, Lexus-ті алуға  рұқсаты бар қолжазба көрсетіп, алып кеткен. Артынша қолжазбаның жалған екені анықтылды. 

Біраз уақыттан кейін мән-жайды білген Гун тиісті құжаттарды жинап, Ақтөбе қалалық сотына шағымданған. Ресейлік әйел Ақтөбе облысының полиция департаменті мен күзет компаниясын  22,4 миллион теңге төлеуге міндеттеуді сұрады.

Әйел бірінші сотта жеңіліп қалды. Алайда ол апелляциялық шағым түсірген облыстық сот басқа шешім қабылдады. Ақтөбелік полицейлер шетелдік көлікті 2022 жылдың күзінде иесіне қайтару мүмкіндігі бар еді, бірақ олай етпеген. Сонымен қатар, полиция Оксана Гунның көлігін оның келісімінсіз үшінші тұлғаға сақтауға берген. Сондықтан, облыстық сот үшінші тұлғаның, яғни күзет компаниясының әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін полиция бөлімі жауапты деп қорытындылады.

Нәтижесінде облыстық сот бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертіп, ресейлік әйелдің пайдасына 22,4 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Талқылау