Шенеунік ұйықтап отырғанын суретке түсіріп алғандардан 1 миллион теңге талап етті

Бейсенбі, 1 Ақпан , 2018 14:54

Ақтөбе облысының 2017 жылғы қорытынды жиналысына қатысқан шенеуніктер ұйықтап қалды. Ұйықтаған шенеуніктердің бірі суретке түсіріп алған басылымнан ақша талап етті.

Бұл туралы «Диапазон» хабарлады.

Облыстық қорытында жиналысқа қала, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, басқарма жетекшілері, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Онда өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,5 триллион теңгеге дейін өскені, бірақ ол қаржының қандай өндіріске жұмсалғаны турлы жауап бере алмай, неге облыста газ тапшылығы болғаны, неге азық-түлік пен бензин бағасы қымбаттағаны туралы айтылып жатты.

Маңызды мәселелер шешіліп жатқан сәтте зал көрермендерінің көбі ұйқымен алысып отырды. Оларды ұйқысынан әкімшілік баспасөз қызметкерлері оятты. Шенеуніктерге журналистер суретке түсіріп алып жатқанын ескертті.

Жиында облыстық әкімшілік шенеуніктері ғана емес құқық қорғау органы қызметкерлері де ұйықтап алды.

Жергілікті басылымнан өзінің ұйықтап отырған суретін көрген бір шенеунік БАҚ өкілдеріне хабарласып талап қойды.

“Мен кәсіпкермін, жекеменшік ұйымда жұмыс істеймін, мемлекеттік қызметкер емеспін, бірақ, жиналысқа мен де қатыстым. Мақалада шенеуніктердің ұйықтап отырғаны туралы жазылған. Біріншіден, мен ұйықтаған жоқпын ( көзді жұмып тыңдау, қалам мен блакнотты құлап кетпесін деп қолда ұстау, ұйықтап отыр деген сөз емес), журналистердің тарапынан суретке түсіру туралы ешқндай ескерту болған жоқ. Мақаладағы ақпараттар анық емес. Екіншіден, мақалада менің құқығымды, арнамысымды аяқ асты еткен. Осыдаан кейін менің іскерлігіме күмән тудырып, оқырмандарға менің жаман қырымды көрсетті. Жарияланған мақаланы өшіріп, 3 күн ішінде менен ресми кешірім сұралған мақала жазуларыңызды сұраймын. Өтемақы – 1 млн теңге. Егер менің талабым орындалмаған жағдайда, бұл істі сотпен шешемін. Сотқа арыз жазуға құқығым бар”,  – деп хабарлаған басылымға Руслан Тілеуов.

Азаматтың айтпағы, суретті рұқсатсыз жариялағыны үшін болып отыр. Дегенмен қоғамдық жиында түсірілген суреттерге, әсіресе әкімшіліктің отырысында түсірілген суреттер ешкімнің рұсатынсыз жарияланады.

Бұл іске қатысты заңгер Ганна Красильникова жауап берді.

“ҚР Азаматтық Кодекстің 45 бабында азаматтардың суреттегі құқықтары қорғалатыны рас. Бұл іске қатысты айтсақ, онда басылым жариялаған сурет өзгертілмеген, монтаждалмаған. Соңғы өзгерген заң бойынша, мемлекеттік органдардың жиналыстары ашық, болуы керек және ондағы түсірілген суреттер мен бейнежазбаларды журналистер жариялауға құқылы”, -деп жауап берді заңгер.

Айта кетейік, басылымның мақаласы суреттегі азаматтардың ар-намысын таптау мақсатында жарияланбаған.

Тағы оқыңыз:

Саясаткер: Министр дәрігерлердің құқығын емес медицина сапасын ойлау керек

Шахматшы Бибісараның анасы: баланы психологқа көрсетуге тура келді

Жыныс мүшесінен айырылған азамат туралы құпия ақпаратты кім таратты

«Сезам» театрының басшысы Біләлге ақшаны қалай бергенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар