Ақтөбенің бас имамы әкімдіктің шенеуніктеріне пара алудың күнә екенін түсіндірді
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Жемқорлыққа, парақорлыққа жол жоқ!» атты акция өтті.

Ақтөбе қаласының мешітінен хабарлағандай, акция аясында облыс әкімдігінің өкілдері, зиялы қауым өкілдері мен дін мамандарының қатысуымен «Қазақстан жемқорлықсыз өмір кешеді» атты тақырыпта үлкен көшпенді семинар өтті. Арнайы білікті мамандар шақыртылып, көлемді сюжет түсірілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
«Шараға қатысқан Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Амантай Садиев жемқорлықтың ауыр күнә екендігін, оның қоғамға тигізер зардабын айтып, сұхбат берді», — деп хабарлайды қала имамының баспасөз қызметінен.
Тағы да оқыңыз:
Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді
4-сынып оқулығы қазақты үш жүзге бөліп тастаған
Ақтөбе облысында жерленген адамның үстіне әйел адамды көміп кеткен
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"