Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев зейнет жасына жеткенімен өкілеттігі ұзартылды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкілеттігін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

1369906889_dsc_5983-kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2020 жылғы 9 ақпанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.

Бұған дейін президент Владимир Божко, Владимир Школьник, Сергей Кулагин, Амандық Батталов пен Бақытқожа Ізмұхамбетовтердің зейнет жасына жетуіне байланысты, олардың қызметтегі өкілеттігін түрлі мерзімдерге ұзартқан болатын.

Назарбаев шенеуніктерге өзі ұзартқан өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бірден демалысқа кететіндері жайлы айтқан еді.

«25 жыл бойы жібермей ұстап келдік, жетер,  демалулары керек»,-деген еді Назарбаев

 

 

Талқылау