Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында тұрғындардың шөбі кезекпен өртенген ауыл күзетке алынды

Ақтөбе облысының Қостеке аулында бірнеш тұрғынның кезекпен шөбі өртеніп, елдің есі шыққан еді. Тіпті, белгісіз біреу шөпті өртеп қана қоймай, «келесі сенсің» деген мәтінде хат қалдырып, 50 мың теңгеден талап етіпті. Ендігі үрейленіп отырған бүтін бір ауылды полицейлер күзетуде, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбе облысында тұрғындардың шөбі кезекпен өртенген ауыл күзетке алынды

Қостеке аулын қазіргі уақытта 50 полицей күні-түні күзетуде. Ал тұрғындардың шөбін өртеген адам әлі ұсталмаған екен. Сонымен қатар  ауылға төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де жіберіліпті. Соның нәтижесінде соңғы 2 күнде ауыл тыныш.

Ал жергілікті әкімдік қамдап қойған шөбінен айырылған тұрғындарға 100 мың теңгеден берді. Бұл ақшаны депутаттар мен кәсіпкерлер жинап берген екен. Сондай-ақ, тұрғындарға жеп-шөпті де тегін жеткізіп бермек.

«Қазіргі таңда Қосестек ауылында болған өрт жағдайына байланысты тұрғындарға көмек беруде. Ақшалай жүз мың теңге әр отбасына берілді және малдарына жем-шөппен қамтамасыз етіліп жатыр», – дейді Ақтөбе облысы әкімінің  баспасөз қызметінің бас маманы Мұратбек Ержақыпов.

Бүгінде бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде әдейі шөп өртейтіндер бір ауылды үрейде ұстап отырғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау