Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында оқушы тоққа түсіп, қолынан айырылды

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы оқу орнының аумағында орналасқан қоршаулы трансформаторлық қосалқы станцияның аумағына кіріп, сол жерде ойнаған. Алайда, қауіпті аймаққа кіріп ойнап жүрген оқушыны 10 мың вольтты электр тоғы соқты, деп жазады Stan.kz ақпарттық агенттігі Диапазонға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында оқушы тоққа түсіп, аяқ-қолынан айырылды

Оқиға Ақтөбе облысындағы Шалқар кентінің №2 мектебінің ауласында болды.

Сабақтан кейін аздап ойнамақшы болған екі оқушы қосалқы станцияға барды. Оқушылардың біреуі дуал қоршауды тартып, екіншісі аумаққа кіріп, трансформатордың үстіне шығып кеткен.

Жасөспірім жоғары вольтты ток жүретін құрылымның бір бөлігін басып кетуі мүмкін. Бірақ, ойнап жүріп тоққа түскен баланы қуаты 10 мың вольттық электр разряды соққан.

«Оның айқайлап, шыңғырған дауысын жолаушылар естіп қалып, шығарып алған. Содан жедел жәрдем шақыру үшін бізге жүгіріп келді. Бала көп балалы отбасынан, өзі мектептің жанында тұрады. Трансформаторлық қосалқы станция қоршаумен қоршалған, онда бәрі жабық. Бірақ бала дуалдың тесігін тауып кіріп кеткен»,- дейді мектептегілер.

Бақытымызға орай, қатты электр соққысын алған бала аман қалды және жақын маңдағы медициналық мекемеге жатқызылды. Алайда бастапқы бақылаудан кейін баланың аудандық ауруханада қажетті көмек ала алмайтындығы анықталды. Сонда баланы санавигацияның көмегімен Ақтөбе қаласына жеткізді.

Тоққа түскен оқушыны отаға дайындау үшін екі тәулік кетті. Дәрігерлер баланың екі қолын да кесіп тастауға мәжбүр болды. Дәрігерлердің айтуынша, ота ешқандай асқынусыз өтті және қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Талқылау