Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында өкшелі етігімен Нива көлігін сүйреген әйел жұртты таңғалдырды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылының тұрғыны Мәдина Нұрмағамбетова тақалы етік киіп Нива көлігін сүйреді. Наурыз мейрамы қарсаңында осындай ерлік көрсеткен әйел жұртты таңғалдырды. Ол жарыс кезіндегі видеосын өзінің желідегі парақшасына жариялады.

4 балалы ана Мәдина Нұрмағамбетова балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Оның бұл әрекетін желі қолданушылары ерсі көрсе, кейбірі «алып анадан туады» деп қолдау білдірді.

«Наурыз мерекесі күні бізде мәдени-спорттық шара өтті. Алғашында Нива көлігін ер азаматтар сүйреді. Кейін мектеп директоры Бекжан Қарасаев мерекелік көңіл-күй үшін бақ сынап көруді ұсынды. Көлік сүйреуге келісімімді беріп, 14 секундта 3-5 метр қашықтыққа сүйредім. Бізде бірінші орын, бас жүлде деген жоқ. Әркім өзіне сый алды», – деген Мәдина Нұрмағамбетова, ҚазАқпаратқа берген сұхбатында .

Ақшатау ауылының тұрғыны от жағып, күл шығарады, мал жайлайды. Қара жұмысты өзі атқара беретін тәрбиеші сол күні аяқ-қолының бұлшық еті ауырғанын жасырмады.

«Көлікті сүйреу қиын. Бірақ бар күшімізді салдық. Менімен бірге көпбалалы әйел де көлікті сүйреді. Кейін қолым мен аяғымның бұлшық еті ауырды, сырқырады. Бәрін ұмытып кеттік», – деді көп балалы ана.

Улыстын улы куні кутты болсын

Публикация от Мадина Нурмаганбетова (@madina77nur)


Тағы оқыңыз:

Тамаша видео: Ақтау тұрғыны қызғылт қоқиқаздарды видеоға түсіріп алды (видео)

Көңіл-күйді көтеру әдістерін біле жүріңіз

Үлкен құс камера алдында жыланды тірідей жеп қойды (видео)

Піл аузынан түтін шығарды: ғалымдар оның себебін түсіндірді

Ғалымдар: Жаз мезгілі екі айға ұзарады

 

Талқылау