Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында ер адам әйелінің 14 жастағы сіңлісін зорлап тастаған

Ақтөбе облысының ауданаралық мамандандырылған сотында жабық тәртіптегі сот процесі өтті. Сот отырысында 31 жастағы ер адам 14 жастағы балдызын зорлады деп айыпталып, кінәлі деп танылды.

Ақтөбе облысында ер адам әйелінің 14 жастағы сіңлісін зорлап тастаған

Бұл туралы «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам мен оның әйелінің сіңлісі де Мәртөк ауданында тұрады. Жәбірленушінің анасының сөзінше, күйеу баласы кенже қызын бірнеше рет зорлаған. Ер адам балдызын алғаш рет 14 жасында зорлаған екен. Ол қызды қорқытып, «келіспесең, бір күні тірі оянбайсың» деп сес көрсеткен.

Оқушы қыз басынан өткен жайт туралы жақындарына айтуға қорыққан. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, аппеляциялық шағым түсірді.

Сот шешімі бойынша, педофил 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар өз құрбанының өкілдеріне моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге, материалдық шығын ретінде 150 мың теңге өтеп беруге міндеттелді. Үкім жарияланғаннан күннен бастап 15 тәулік ішінде сот үкіміне шағым түсіруге болады.

«Қызымның жүкті болып қалмағаны үшін Құдайға шүкір», – дейді жәбірленушінің анасы.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі сауда орталығында полиция қызметкерінің киімін ұрлап кеткен

Ақтөбеде 850 миллион теңгеге салынған мектеп су астында қалды

Мәскеуге барып баласын сатпақ болған келіншектің күйеуі ұлын өзіне алып кетті

Аш әрі жалаңаш: Алматыда полиция қызметкерлері апатты жағдайдағы үйден 3 жасар балаларды тауып алды (фото)

Талқылау