Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында бір ауылдың шөбін өртеп жүрген ер адам, келіншек пен жасөспірім ұсталды

Ақтөбе облысында бір ауылды үрейде ұстап, шөбін өртеп жүргендердің кім екені анықталды.

Қарғалы ауданына қарасты Қостестек ауылында барлығы  үйдің шөбі өртенді. Онымен біге қора-жайы да күлге айналды.

Бұған дейін ауыл тұрғындарының шөбін өртеп қана қоймай күдіктілердің қорқытып хат жазатындар туралы хабарлаған едік.

Күдіктілер 25 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел, кәмілетке толмаған жеткіншек болып шықты. Алайда олардың бір біріне қатысы жоқ.

Әйел кек алу үшін шөп өртегенін айтса, жасөспірім туыстарымен ұрысқан соң осылай жасаған. Ал, ер адам ақша табу мақсатында шөп өртегенін мойындады.

Шөп өртінен келген шығын 5,7 млн теңгені құрайды. Қазір іс әлі де тексеріліп жатыр. Істі прокурорлар тексеруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау