Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ақтөбе облысында балгер әкімдіктің маңында әйелді гипноздап, бар алтыны мен ақшасын алып кеткен
Ақтөбе облысында балгерге алданған әйел барлық алтыны мен әмиянындағы бар ақшасынан айырылды.

Бұл туралы «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
8 қыркүйекте балгер ақтөбелік әйелді гипноздап тастаған. 22 жастағы әйел облыстық әкімдік маңынан өтіп барап жатқан. Осы кезде оны 30-35 жас шамасындағы әйел сөзге тартыпты.
Үстіне қара киім киген әйел оған бойында дуа барын және оны шешу керектігін айтқан. Өз кезегінде ақтөбелік әйел дуаны алдыру үшін алтын сырғасы, қымбаты жүзігін және әмиянында болған 700 теңгені балгердің қолына ұстатыпты.
Артынша есін жиған әйел полицияға шағымданған.
Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар алаяқты іздестіріп жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген