Ақтобе облысында балалар үйінің түлектеріне пәтер берілді
Ақтөбе облысының облыс орталығында жаңа үй салынды. Ондағы пәтерлер мемлекеттік қызметкерлерге, балалар үйінің түлектеріне және жағдайы төмен отбасыларға берілді.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Ақтөбе облысының Алға қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 60 пәтерлі үй жетім балалар мен жағдайы төмен отбасыларға берілді. Өткен демалыста оларға жаңа пәтердің кілті тапсырылды. Жаңа баспананың кілтін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі табыс етті.
Жеке баспаналы болғандар – ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің 12 түлегі, әлеуметтік жағдайы төмен саналатын 19 отбасы, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері.
«Өткен жылы облысымыздың тарихында тұңғыш рет 793 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. 6800-ден астам ақтөбелік отбасы баспаналы болды. Бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында жеткен жетістік. Біз бұл жұмысты тек Ақтөбе қаласында ғана жалғастырмаймыз, мұндай үйлер барлық аудан орталықтарында тұрғызылатын болады», – дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Жаңа үйдегі пәтердің кілті облыстық балалар үйінің түлегі Ольга Васильеваға да берілді. Бұған дейін төрт баласы бар отбасы туыстарының үйін паналап келген.
Айта кетейік, жақын арада Ақтөбе облысында осы бағдарлама бойынша тұрғызылған тағы бір көп пәтерлі үй қолданылуға беріледі.
Жіберіп алмаңыз:
Ресейлік әнші Назарбаева сыйлаған сағаттың жоғалуына бұрынғы әйелін кінәлады
Қазақстандық әншінің Ресейдегі мейрамханасынан заңсыз казино табылды
Бишімбаевтің ісі бойынша айыпталған Арман Комаров бостандыққа шықты

"Ауыз қуысынан, іш киімінен бірнеше ер адамның шәуеті табылған": Соңғы бес жылда қоғамдық шу тудырған сарбаздар ісі
