Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе ит пен мысықты атуға 31 миллион теңге жұмсады

Ақтөбе ит пен мысықты атуға 31 миллион теңге жұмсады. Биыл барлығы 12 мыңнан астам жабайы және қаңғыбас ит, 424 мысық атылған.

vmeste-teplee-2

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Облыстың емдеу-профилактикалық мекемелеріне жануарлардың тістеуінен, сілекейінен, тырнауынан зардап шеккен 2371 адам медициналық көмекке жүгінді. 2016 жылдың он айы ішінде тұрғындардың антирабиялық көмекке жүгінуі өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 283 жағдайға ұлғайған. Облыс бойынша үй жануарлары арасында 6 қолайсыз пункт бар. Олар: Байғанин, Қарғалы, Мұғалжар, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласы. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың шектеу қою жөніндегі шешімі шықты»,- дейді облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, өңірде ит-мысықты атуға 31 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта жабайы, қаңғыбас 12428 ит, 424 мысық атылған.

«Ақтөбеде карантинді және аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Облыс аумағына сырттан әкелінген жағдайлар тіркелген жоқ. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және камералдық бақылау жасау үшін қызмет мамандарымен өнімдерді сатып алу жолымен өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Биыл 2193 өнім сынамасы сатып алынды. Оның ішінде 309 сынама Кеден Одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді. Кәсіпкерлерге 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Кедендік Одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келмеген 114,54 кг өнім және 629 литр көлеміндегі 229 бірлік антифриз арнайы сұйықтығы жеткізушіге қайтарылды»,- дейді Беркімбаева.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, биыл санитарлық талапты сақтамағандарға 68 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар 34 нысанның қызметі тоқтатылып, 39 іс сот-тергеу органдарына жіберілді. Тіпті, 564 адам жұмыстан уақытша шеттетілген.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда құны 5 млн теңгелік биодәретхана салынды

ҰБТ-дан жинайтын ең жоғарғы балл 140 болатын болды

Қытайда той қонақтары жас жұбайларды елдің көзінше секспен айналысуға мәжбүрледі (видео)

Қытайда өзі жетім өскен қазақ қызы 62 мүгедек баланы асырап алды

 

 

Талқылау