Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Санжар Мәдиев голливудтық беделді стипендияны жеңіп алды

Қазақстандық жас әрі талантты актер Санжар Мәдиев The Hollywood Immersive 2016 бағдарламасы стипендиясының иегері атанды. Конкурстың ресми парақшасында жеңімпаздың Лос-Анджелесте оқудың мүмкіндігіне ие болғаны айтылған. pogudx1ide2o3u5a4.7939ec56

“Бұл жолы Голливуд мені таңдады. Енді Лос-Анджелеске өзімнің актерлік шеберімді арттыру үшін аттанатын боламын! Әрқашан бір орында тұрмау керек, сіз бәріне жетесіз! Тек өз-өзіңізге сеніңіз”, – деп Санжар Facebook та өз қуанышымен бөлісті.

Конкурс өткен жылдың желтоқсан айында басталған. Бұл сайыс шетелде білімін шыңдау жолында актерлерге керемет мүмкіндік сыйлайды. Жарыстың финалына 5000 қатысушыдан небәрі 15 жас актер ғана іліне алған. Үміткерлер өздерінің арнайы актерлік бейнежазбаларын жіберуі тиіс болатын.

Бағдарлама актерлік курстар негізінде шеберлікті жетілдіруді мақсат еткен. Грант иегері 8 күн Голливуд ауасымен тыныстап, тәжірибесін толыстырып қайта алады.

“Қазақстандық Санжар Мәдиевті құттықтаймыз! Актерлік бағдарламадан өту үшін ол Голливудқа ұшады. Ол өзінің сүйкімді келбетімен таң қалдыра алады әрі табиғи талантты жігіт. Біз оның бейне ақпаратымен танысқаннан кейін-ақ оның мықты актер екеніне күмәнданбадық. Сосын ол ойнаған фильмдерді де қарап шықты. Ол біздің еңсемізді түсірмей, керісінше көңілімізді көтерді. Санжардың бізге қосылуын асыға күтіп отырмыз”, – дейді бағдарламаның негізін қалаушы Лили Доусан.

Бұл индустрияда Лили Доусан 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол Николас Кейдж, Ева Мендес, Роуз Бирн және Хьюго Уивинг секілді актерлермен бірге жұмыс істеген.

Талқылау