Актер емес: Мәдина Сәдуақасованың сүйіктісін сомдаған жігіттің кім екені белгілі болды

Мәдина Сәдуақасова қос бірдей бейнебаянында басты рөлді сомдаған азамат Айдос Мұқанов кафеде шай ішіп отырған жерінен журналистердің құрығына түсті. Әнші әнбаяндағы серіктесімен жұмыс бабымен кездескен. Бұл ретте Мәдина көпшіліктің қызығушылығын оятқан актер мен күйеуінің бейнебаянға көзқарасы жайлы айтып берді.

Мәдина Сәдуақасованың сүйіктісін сомдаған жігіттің кім екені белгілі болды

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Той думан” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Екінші бейнебаянды талқылап, сол үшін кездесіп отырмыз. Себебі Айдос енді ғана оралды, әлі екінші бейнебаянды көрген жоқ. Екінші бейнебаянда да басты рөлді Айдос сомдады”, – дейді Мәдина.

Сәдуақасованың клипіндегі бұл сымбатты жігіттің өнер әлеміне ешқандай қатысы жоқ. Қарапайым бухгалтер болып шықты. Түсірілім барысында Мәдина серіктесінің қырсық мінезін байқап, тіпті онымен жұмыс істеуден бас тартпақ болыпты.

“Мынаны кимеймін деп айтып жатыр екен. Түсірілім үстінде қиналмаймыз ба? – деді. Мен өзімді еркемін деп жүрсем, менен де өткен еркелер бар екен. – Жо-жоқ, қажет емес, онда сау болсын деп қоям өзімше.
Бірақ алып келген костюм бір өлшемге кіші екен. Бұл жердегі қырсықтығы түсінікті екен. Себебі костюм расында оған шақ емес. Мен де ол жерде айтатын едім”, – дейді Мәдина.

Сәдуақасованың клипі жаз айында түсірілгенімен, жақында ғана жарыққа шықты. Оған бейнебаянда екі жастың хикаясын баяндаған Фархат Әбдірайымовтің науқастанып қалуы себеп болыпты.

“Бейнебаянның түсірілім жұмыстары бітіп, тек қана дыбыс жазу жұмыстары қалған. Сол кезде Фархат ағамыздың денсаулығы сыр беріп, инфаркт алғанын естідік. Жүрегіне ота жасалды. Мен қорқып, уайымдап… Басқа адам даусын сала салса болады деді.

Фархат ағамыз аяғына тұрып, өзі студияға барып, даусын жазады. Тек қана сол кезде бейнебаян жарыққа шығады дедім. Себебі қатты қорықтым. Фархат ағамыздың соңғы рөлі менің клипім болмасыншы деп Алладан шипа тіледім.

Ағамыздың күнде жағдайын біліп тұрдым. Телефонын көтермейді. 10 күннен кейін әрең-әрең жауап берді. Екі аптадай керек деді. Ең бастысы жазылып шықсаңыз болды, деп ұзаққа созылғаны содан”, – дейді Мәдина.
Ал актер Айдос Мұқанов жеке өмірі жайлы баяндады.

“Жұбайым, отбасым, екі ұлым бар. Жұбайым еш қызғанған жоқ”, – дейді су жаңа актер.
Бір қызығы, бейнебаян жарыққа шыққан соң Айдостың келіншегі Мәдинаны құттықтаған. Алайда Сәдуақасованың жолдасы мұндай ілтипат көрсетпепті.

“Айдос, сенің келіншегің мені құттықтады. Сәттілік тілеп жатыр десем: – Енді сенің жолдасың қашан құттықтайды? – дейді. Үмітіңді үз, ол құттықтамайды дедім.

Жолдасым ол жай ғана кино, бейнебаян, ойын. Ешқандай шынайы емес қой деп рұқсатын бергендей болды. Бірақ қазір үнсіз, бейнебаян жайында сөйлеспейміз”, – деп ағынан жарылды Сәдуақасова.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Мәдинаның “Алыстама” атты бейнебаяны жарыққа шықты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар