Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық зейнеткер лотереядан 3 миллион теңге ұтып алды

Маңғыстау облысында 63 жастағы зейнеткер «Сәтті Жұлдыз» лотереясынан алғашқы миллионды ұтып алып жүлделі болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Маңғыстау арнасы сілтеме жасап.

Ақтаулық зейнеткер лотереядан 3 миллион теңге ұтып алды

Ақтау қаласының 63 жастағы тұрғыны Меңдіқұл Бекбосынов бірнеше билет сатып алып, олардың біреуінің арқасында 3 млн теңге ұтып алып үлкен олжаға кенелді.

Қаладағы «Асыл ана»супермаркетінен жиі азық-түлік алып тұратын зейнеткер дүкенге бір барғанында әрқайсысы 1000 теңге тұратын 8 лоторея билеті мен «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның 3 алмазын сатып алды. Алғашқы екі билетімен ол екі мың теңге ұтты. Ал, соңғы билеті сәтті болып, оған 3 миллион теңге жүлде әкелді.

«Алғашында мен өз көзіме өзім сенбей, бұған аса мән бермедім. Бірақ, сонда да операторға апаруды шешіп, билетте жазылып тұрған 3 миллион деген жазуды көрсеттім. Содан ол билетке қарап, сол компанияның өкілдерімен хабарласты. Ал бір минуттан кейін менің 3 миллион ұтып алғанымды хабарлады. Бұны естіп төбем көкке жетті, себебі күнде миллион ұтып алмайсың»,- дейді ұтыскер Меңдіқұл Бекбосынов.

«Сәтті жұлдыз» Қазақстан аумағында 2016 жылдың 4 сәуірінен бастап жұмыс ітсеп келе жатқан лоторея операторы. Компания жоғарғы жүлделі қоры бар халықаралық дәрежедегі лотерея билеттерін ұсынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау