Ақтаулық тұрғын аквариумдегі бекірені ұрлаймын деп ұятқа қалды (видео)
Ақтаудағы теңіз жағасында орналасқан мейрамханалардың бірінде қызық жағдай болды. Келушілердің бірінің осы мекемеде тұрған аквариумдегі бекірені ұрлаймын деген ойы іске аспай қалды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Жас жігіттің жеңсік асқа аңсары әбден ауса керек, бекірені аулаудың жеңіл жолын таңдапты. Сөйтіп, құнды балықты өсірумен айналысып, клиенттерге көзінше пісіріп беретін мейрамханалардың біріне келген. Айналада ешкімнің жоқтығын пайдаланған ол судағы балықты ұстап алып, сыртқа беттепті.
Бірақ, киімінің ішіне жасырған бекіре сусып жерге түскен. Ұры соны қайтадан аламын деп әуреге түсіп жатқанда, оны күзетшілер ұстап алды. Балықты баппен жемек болған азаматқа қатысты «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Әйел бет тазарту процедурасынан кейін көз жұмды
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"