Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық оқушылар сыныптастарын діңгекке байлап, үстіне айран шашып жылатты (видео)

Ақтаулық мектеп оқушылары сыныптастарын скотчпен діңгекке байлап, үстіне айран шашып қорлады. Оқушылар мұнымен қоймай бағанада байлаулы тұрған құрдастарына жұмыртқа лақтырып, жылатты.

Ақтаулық оқушылар сыныптастарын діңгеке байлап, үстіне айран шашып қорлады (видео)

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқушылардың жасөсіпірімге қорлық көрсеткені жазылған видео 10 қазан күні Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Бүгінде бұл оқиғаның видеосын Сағира Күзембаева есімді журналист өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Оқиға ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде болған. Жасөспімді қорлаған балалар Ақтау қаласындағы № 8 мектепте сегізінші сыныпта оқиды.

№ 8 мектептің директоры Әселхан Есжанованың айтуынша, сол күні жасөспірімнің туған күні болған. Ал, сыныптастары оны осындай ерекше жолмен құттықтауға шешім қабылдапты.

«Біз оқушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Әңгіме барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор да болды. Екі жақтың да ата-аналары бір-біріне ешқандай шағымдары жоқ екенін айтты», – деді спикер.

Бірақ, сыныптастарын қорлаған оқушылар мектептік тіркеуге алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау