Ақтаулық ата-аналар мектептегі қазақ тілі пәнінен бас тартпақ

Ақтау мектептерінің бірінде 2-сынып оқушыларының ата-аналары қазақ тілі пәнін алып тастауды талап етіп отыр. Бұған аталған пәнге қажетті кітап, дәптер және сөздікті өздерінің сатып алуы себеп. Айтуларынша, қажетті оқу құралдарының бағасы қымбат.

Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлайды.

Ата-аналардың айтуынша, 4 арнайы дәптерден құралған оқу материалының құны – 10 000 теңге. Ал сыныпты мұндай оқулықтармен қамту үшін 300 000 теңге қажет болады. Мектеп директоры өз кезегінде аталған арнайы дәптерлерді сатып алуға міндеттемегенін айтып ақталған.

“Біздің заманымыздағы қазақ тілі пәніне арналған оқулықтар – аудармасы жоқ мәтіндердің жиынтығы. Ішінде бір ереже жоқ. Ұстаздар да оны аударып бермейді. Нәтижесінде балаларымыз кітапқа үңіліп отырғаннан басқа ешнәрсе білмейді. Оның үстіне мектеп тарататын оқулықтармен ғана шектелу мүмкін емес. Бізден оқуға арналған әлгі дәптерлер мен сөздіктерді сатып алуды сұрады. Біз мұндай дәптерді тек екі дүкеннен көрдік. Екеуінде де бағалары удай қымбат. Сол себепті, мемлекеттік тілді меңгеруден бас тартқан жөн сияқты. Мектеп бағдарламасы оқушылардың миын ашытқаннан басқа ешнәрсе білмейді. Мұнымен қатар, мұндай қымбат дәптерлерді барлық отбасы сатып ала алмайды”, – дейді ата-аналардың бірі.

Директор өз кезегінде ата-аналардың сөзін жоққа шығарып, ешкімді кітап немесе дәптер сатып алуға міндеттемегенін айтып жатыр. “Біздің мектеп 100 пайыз оқулықтармен қамтылған. Ал әлгі дәптерлерге қатысты ұстаз бен ата-аналар арасында бір түсінбестік болған сияқты. Ата-аналар балалары аталған пәнді мүлдем түсінбейтіндерін айтып шағымданған екен. Осыдан кейін ұстаз жұмыс дәптерін әкеліп, дәл сондай дәптер сатып алуға кеңес берген. Ата-аналар еш сөзге келместен ашуланып шыққан. БАҚ-қа емес, жағдайды маған түсіндіргенде, барлығын дәл осы жерде шешетін едік. Біздің мектепте оқушыларды кітап сатып алуға міндеттеп көрген емеспіз. Қазір ата-аналар жиналысын өткізіп, осы туралы тағы да бір рет сөйлесеміз”, – дейді мектеп директоры.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы соты зәулім үйлерді салып тастап салығын төлемей жүрген байларды іздеп жатыр

Алматы облысында бастауыш сынып ұстазы асылған күйінде табылды

“Абу-Даби Плаза” құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті

Қостанайда көшеде тыржаңалаш жүрген бойжеткен іздестіріліп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар