Ақтаудағы бетперде киген бишінің кім екені анықталды (видео)

Сейсенбі, 9 Тамыз , 2016 8:55

“Лада”  басылымының тілшілері таяуда ғана «биші көлік жуушы» туралы видеодағы азаматтың кім екенін анықтады. Жұртты биіне тәнті еткен 22 жастағы  қала тұрғыны Жомарт Тыныштық есімді жігіт екен.

биші3

Видеоны жасырын түсірген азамат биші жігітті мейрамханада билеуге шақырған.

«Маған оның биі, үйлесімді қозғалысы қатты ұнап қалды. Содан бірден, телефонға түсіріп алдым. Мен жігіттен видеоны ғаламторға жүктеуге рұқсат сұрадым. Ол сол үшін бетперде киіп биледі. Сол күні-ақ  Жомартпен мейрамханада, отбасылық мерекеде өнер көрсетуіне келістім»,-дейді видеоның авторы Ербол.

Ерболдың өзі де виде желіде көп қаралады деп ойламапты. Бір тәуліктің ішінде осы би YouTube желісінде 80 мың рет қаралған.

«Басында видеоны өзімнің Инстаграм парақшама жүктеді. Жұрт бөлісіп,  қызығып жатқанын байқағаннан кейін YouTube-қа салдым»,-дейді Ербол.

биші1

Жомарттың өзі болса мұндай биге бес жыл бұрын әуестеніп, үйренгенін айтады.

«Бишілер арасында “Jabbawockeez” тобының биі қатты ұнайтын. Сол кезде бұл бишілер өте танымал болатын. Солардың қимылдарын қарап, қайталайтынмын. Сол кезде де, қазір де жұрт менің түрлі мерекелік шарада билеуімді сұрайды»,-дейді Жомарт.

биші

2013 жылы әуесқой биші қаладағы би жарысында бірінші орынды жеңіп алған.

«19 жасымда “Минута славы по-актауски” байқауында өнер көрсеттім. Бірінші орын мен бағалы сыйлық алғам сол кезде. Кейіннен жұмыс істеп бимен айналысуға уақыт тапшы болып кетті. Осы жылы кәсіпкерлікпен айналысуды қолға алдым. Екі ай бұрын видео түсірілген көлік жуу орнын жалға алып, істетіп жатырмын. Көлігін жудыруға келгендер мен бетперде кигеніммен танып қояды. Олар  күтіп отырған сәтте меннен билеп беруімді өтінеді. Мен әрине билеп берем. Еш қиындығы жоқ. Әрі көлік жуу орнының жарнамасы шығар бұл»,-деп күледі Жомарт.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

20
Комментариев
  • мадөш says:

    Керемет …..Қазақстан бойынша би жарысына іріктеу өтеді….соған қатыссаңыз тамаша болушы еді….

  • Анонимно says:

    Атай Омурзаковтың биін қайталауда. Жарайсың бауырым)))

  • Анонимно says:

    Кай жерден болсанда орлей бер бир алла колдап журсин сени

  • Анонимно says:

    Атыраудын жигити деп жазып единдерго енди актау болып кеттиме не

  • Жан says:

    Красавчик

  • Анонимно says:

    Жарайсын

  • Анонимно says:

    Молодец маган катты унады нагыз жулдыз болатын жигиткой анау мынау жулдыздардан артык

  • Анонимно says:

    Жарайсың керемет . Мойкада емес сахнада көрсету керек

  • Жұмбақ жан says:

    Молодец

  • РАЯНА Камбар жибер says:

    Айтаарға сөз жок

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар