Ақтөбеде қарсы жолаққа шығып кеткен полицей жол апатынан көз жұмды
Ақтөбеде жол апатына түскен 2 жастағы жол-патрулдік полиция қызметкері қайтыс болды.

“16 шілде күні Ақтөбеде өлім жағдайына апарған жол апаты болды. “Лада-Приора” автокөлігінің жүргізушісі Әз Наурыз көшесімен келе жатып қарсы беттегі жолаққа шығып кетіп, “Хонда Аккорд” көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Лада тізгіндеген 29 жастағы полицей оқиға орнында көз жұмды”, – делінген облыстық ІІД хабарламасында.
Полицей көлікте жұмыс уақыты барысында келе жатқан. Ережені бұзушы да тәртіп сақшысы болып есептеледі. Ал полицеймен бірге отырған 30 жастағы жолаушы әртүрлі жарақатпен аурухана жеткізілді. Сондай-ақ Хонда жүргізушісі де ауруханаға түскен. Артынша ол ем-дом алған соң үйге босатылды.
Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 345 бабы бойынша іс қозғалды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін