Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жас жігітті қаққан автокөлік оны бірнеше метрге дейін сүйреп кетті (видео)

Ақтаудағы 12 және 27 ықшамаудандар аралығында жол-көлік оқиғасы орын алды. Kia Cеrato автокөлігі жас жігітті қағып, оны бірнеше метр жерге дейін сүйреп кеткен.

51546

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, автокөлік сәл болмағанда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды да соға жаздаған. Сосын жас жігітті қағып өтіп, оны бірнеше метрге дейін сүйреп кеткен.

“Автокөліктің алдыңғы бөлігі қатты бүлінді. Ал зардап шеккен ер адамды дәрігерлер шұғыл түрде алып кетті. Одан кейін жол полициясы келіп, адам қаққан көлік жүргізушісін өздерімен бірге алып кетті”, – дейді куәгерлер.

1481030277_c8961a1e-3e19-454e-a9c7-e65329ca8d7d

Маңғыстау облыстық ауруханасы жедел медициналық көмек бөлімінің басшысы Нәдірқожа Мұсаевтың айтуынша, 25 жастағы жігіттің жағдайы ауыр. Ол ұзақ уақыт бойы травматикалық шок жағдайында қалып кеткен. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

“Жарақаты ауыр. Оң жақ жіліншік сүйектері сынған, жамбас сүйегіне де зақым келген. Және омыртқасында да қиындықтар бар”, – деді дәрігер.

Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты

Атырауда офицер-барлаушы асылған күйінде табылды

Талқылау