Ақтауда жүк контейнері жарылып, бір адам зардап шекті

Дүйсенбі, 14 Желтоқсан , 2015 21:41

Ақтауда жүк контейнері жарылып бір адам зардап шекті

Ақтауда көтерме сауда базасында 40 тонналық жүк контейнері жарылып, 46 жастағы азамат зардап шекті, деп хабарлайды КТК.

Шәйхана етіп жабдықталған нысанның қасында тұрған тағы екі контейнер зақымданған. Болжам бойынша, жарылыс газдың таралуынан болған. Таңертең қожайыны шәйханаға келіп, жарықты қосқанда атылып кеткен. Жарылыстың күшті болғаны сонша, 100 метр жердегі ғимараттың әйнектерін шағып тастады. Ал контейнердің есігі 70 метр жерден табылды. Зардап шеккен ер азаматтың беті мен кеудесі күйіп қалған. Сондай-ақ басынан жарақат алып, бел омырқасы мен аяғы сынған науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

-Жағдайы ауыр. Қазір қажетті ем шаралар жүргізіліп жатыр. Басына компьютерлік томография жасалды, нейрохирург, хирург, реаниматолог дәрігерлерімен реанимацияда бақыланады, – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі Жансерік Шауқымбердиев.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар