Ақтауда ұрылар банкоматты темірмен тесіп 960 мың теңгені қолды қылды
Ақтауда сауда үйінде орналасқан банкоматтың бірі тоналды. Қарақшылар түн мезгілінде ақша беретін аппаратты тесіп, қомақты қаражатты қолды қылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқиға қаңтардың 29-нан 30-ына қараған түні болған. Бірақ бұл туралы осы уақытқа дейін айтылмай келіпті. Банкоматтың мына қалың темірін тесуге жалғыз адамның қолынан келмейтін күш жұмсалған тәрізді. Бірақ оны көрдім-білдім деген адам табылмай, бақылау камерасына да ешкім түспегенге ұқсайды. Өйткені полиция күдіктілер жайлы әзірге ақпарат таратқан жоқ. Сұғанақтар осындай тәсілмен банкоматтан 960 мың теңге алып кеткен.
Жіберіп алмаңыз:
Теріс діни ағымнан қайтқан 52 жастағы шымкенттік азаматтың оқиғасы
Алматының әскери қызметкері қос бүлдіршінді өлімнен құтқарып қалды
Әкімнің 26 жастағы ұлы Қарағанды әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан