Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тәрбиешіні ұрған балабақша директорына айыппұл салынды

Ақтауда тәрбиешінің балабақшада берілетін асты видеоға түсіргенінен кейін дау туындаған еді. Артынша әйелдің басы қанаған видеосы тарап, ол өзін балабақша директоры ұрғанын айтты. Полиция оқиғаны тексеріп, әкімшілік сот директорды кінәлі деп тапты.

Ақтау балабақшасындағы жанжал: Балабақша директоры өз нұсқасын айтып берді

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Гүлжанат Мұратбаеваға қатысты іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы 1-тармағына (Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) сәйкес қаралды. Сот балабақша директоры тәрбиешімен дау кезінде директордың оның басынан ыдыспен ұрғанын анықтады. Салдарынан тәрбиешінің денсаулығына жеңіл зиян келген.

Оқиға куәгерлері директордың кінәсін растады.

Сот шешімімен балабақша директоры Гүлжанат Мұратбаеваға 15 АЕК, яғни 37 875 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Ақтаудағы “Айналайын” балабақшасында түсірілген видео әлеуметтік желіде тез таралып, көрген адамды бей-жай қалдырмады. Балабақша тәрбиешісі мен директорының жұдырықтасуы салдарынан тәрбиеші бас жарақатын алып, бастығына ұрып-соғу бойынша айып таққан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Stan.kz
Жұма, 22 Ақпан, 2019 12:00