Ақтауда сал ауруына шалдыққан қыз аяғының башпайларымен зергерлік бұйымдар жасайды (видео)

Сейсенбі, 10 Қаңтар , 2017 16:51

23 жастағы Гүлберген Ғаниева тумысынан сал ауруына шалдыққан. Үш жыл бұрын анасы қызын башпайларымен моншақтан зергерлік бұйымдар жасауға баулиды. Бүгінде қызы өз бетінше алқалар мен қолға тағуға арналған сәнді бұйымдар жасайды.

photo_204727

Бұл туралы Лада хабарлайды.

Гүлбергеннің анасы Шынар Ғаниеваның айтуынша, ол 4 жасына дейін қызының дертке шалдыққанын байқамаған.

c400092f883f5fffb76e2e59ee78d1bb

f573a13bc54e55795a8c2ed435f668be

«Гүлберген сау болып туылды. Оның сал дертімен ауыратынын 4 жасқа келгенде дәрігер айтты. Оның мүгедектігіне сенбей, құжаттарын жасамай жүрдім. Массажға апарып, екпе салдырдым. Ол қолымен ешнәрсе істей алмайды, тек аяғымен жасайды. Аяғымен сурет салады, аяғы арқылы түтікшемен су ішіп, зергерлік бұйымдар жасайды. Оның жасаған заттарын ғаламтор арқылы, достары арқылы, әлеуметтік желі арқылы көрмеге ұсыманымз. Қызымның тектен-тек жатқанын қаламаймын. Үнемі қозғалыста болып, титтей де болса жеңісіне қуанса екен деймін», – дейді анасы.

Үш жыл бұрын қайырымды жан Гүлбергенге планшет сыйлаған екен. Содан бері ол ғаламтордың белсенді қолданушысына айналды. Оның әлеуметтік желіде достары көп. @Gulbergen парақшасынан оның жасаған жұмыстарын көруге болады.

Қызын әр жаққа апаруға қиындық тудырмау үшін анасы көлік сатып алып, өзі айдайды. Жазда қызын теңізге апармақ.

Шынар Ғаниеваның төрт баласы бар. Олардың бәрінің дені сау.

Жіберіп алмаңыз:

Көршілері соқыр жігітке мешітке баратын жол салып берді (фото)

Пәтер жалдап жүрген алматылық таксист көлікте қалған 65 мың долларды иесіне қайтарып берген

Астанада қаңғыбас ер адам қардан жүрек жасап жүргіншілерді қуантуға тырысып жүреді

Ата-аналар мектептегі жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан босатылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.02.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар