Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда пара алды деп айыпталған шенеуніктер кепілақшамен бостандыққа жіберілді

Ақтауда «пара алды» және «пара берді» деген күдікпен қамауға алынған ревизор мен қала әкімінің орынбасары кепілдемемен бостандыққа шықты. Қасым Саналиев пен Юрий Дирр кепілдікке баспаналарын қойған.

Безымянный

Бұл туралы КТК хабарлайды.

“Оның үстіне Диррдің осыған дейін ауырып, бір жақ бүйрегін ота жасап айрылғанын, оның әруақытта дәрі дәрмек ішіп, өзін күту қажеттігін, сонымен бірге оның бұрын қылмыс жасамағанын, қылмыстық әрекетін мойындағанын, отбасы  жағдайын ескере келіп, бас шарасын кепіл қолданған деп шештік”, – дейді  Маңғыстау облыстық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Әмірғали Жанаев.

Ал Маңғыстау облыстық ревизиялық комиссияның төрағасы Мақсат Нысанбаев пен оның мүшесі Арман Әменов сот шешімімен 2 ай қамауда отыратын болды. Бұл төрт шенеунік те 19-желтоқсан күні пара алу  үстінде құрықталған. Ревизорлар Юрий Дирр қала әкімінің орынбасары болғанға дейін 18 жыл бойы басқарған Абай мәдениет үйін жөндеуге бөлінген қаржының жұмсалуынан кінәрат тапқан болатын. Сөйтіп оның қылмысын жасыру үшін 2 миллион теңге сұраған. Егер ревизорлардың пара алғаны дәлелденсе, олар 15 жылға, ал пара берген қала әкімінің орынбасары 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ Диррдің бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсағанын анықтау үшін де бөлек тергеу жүріп жатыр.

Еске салай кетейік, бұған дейін қала әкімінің ұсталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау