Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген ер адам жол апатын жасап қашып кеткен

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол апатын жасап, оқиға орынынан тайып тұрған көлік жүргізушісін ұстады. Ұсталған айыпты бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.

ывыв

Сурет auto.caravan.kz

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Оқиға өткен аптада Ақтаудағы 2-ші ықшам ауданда орналасқан 17 үйге қарама-қарсы жақта болған. Полицияға жол апаты туралы куәгерлер хабарлапты. KIA Rio көлігінің жүргізушісі басқа көлікке ауысып мініп, ізін жасырмақшы болған.

Айыпты адам 44 жастағы 13-ші ықшам ауданның тұрғыны болып шықты. Наркология бөлімі жасаған сараптама бойынша ол көлік жүргізу кезінде мас күйде болған.

“Ол мүлде көлік жүргізу құқығына ие болмай шықты. 2015 жылы 30 қазанда Мұнайлы ауданының соты оны көлікті ішімдік ішіп айдағаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырған”, – дейді полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, Маңғыстауда да 36 жастағы ер адам да есірткі қабылдап жүргізген. Кейін белгілі болғандай Ақтау тұрғыны 2015 жылы 31 желтоқсанда төрт жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.

Жалпы, сәуір айының басынан бері осыған ұқсас 15 жағдай тіркелген.

Талқылау