Ақтауда мүгедек балаларға арналған қайырымдылық жәшігін әйел адам ұрлап кеткен
Ақтауда мүгедек балаларға арналған қайырымдылық жәшігін әйел адам ұрлап кеткен. Оның ақша салынған қорапты қолды қылғаны дүкендердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Қайырымдылық жәшігін алып кету үшін ұры қызметкерлердің касса маңынан алыстап кетуін күтіп жүрген. Сатушы қоймадан тауар әкелуге шығып кеткенде әлгі әйел қорапты қымсынбастан алып шыққаны анық көрінеді. Тіпті төбесіндегі камераны да байқамапты. Жәшікте қанша ақша бары белгісіз. Ал “Ұры әйел іздестіріліп жатыр, – деген сақшылар, соңғы уақытта Ақтауда науқас балаларға көмектесу үшін қойылатын жәшіктердің ұрлануы жиілегенін айтады.
Жіберіп алмаңыз:
Көкшетауда 20 жастағы бойжеткен 100 мың теңгеге такси жүргізушісіне сатылған
Қарағанды облысында 7-сынып оқушысы сабақ үстінде ішімдік ішіп мас болып қалған
Шымкентте туып Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты