Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда қызметтік көлікте ұйықтаған полиция қызметкерлері қатаң сөгіс алды

Қала тұрғындары, 28 сәуірде, Ақтаудағы 33 шағын ауданда қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полиция қызметкерлерін суретке түсіріп алды. Олардың бұл әрекеті жұртқа жария болғаннан кейін қызметтік көлікте ұйықтаған полицейлер қатаң сөгіс алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп. 

Ақтауда қызметтік көлікте ұйықтаған полиция қызметкерлері қатаң сөгіс алды

Сурет: lada.kz

Куәгерлер қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полиция қызметкерлерінің суретін желіге жариялаған. Ол сурет бірден желі пайдаланушыларының назарын аударды. Олар қызметтік көлікті ұйықтайтын жерге айналдырған полицейлерді қатаң сынға алып, жауапсыз деп сөкті.

«Міне, олардың жұмысқа деген қатынасы осындай. Қызметіне селқос қарайтын жауапсыз қызметкерлерді жұмысқа алып алады да, солардың сөзін сөйлеп, жақтап шығады. Онда, бәріміз жұмыста ұйықтап жатайық»,- деген пікірлер қалдырды желі қолданушылары.

Полицейлердің бұл әрекеті наразылық тудырғаннан кейін Маңғыстау облысының полиция бөлімінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

«Осы жағдайдан кейін тәртіптік комиссия құрылып, полиция қызметкерлеріне қатты сөгіс жарияланды. Және оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр