Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда кафе келушісіне ұсынылған люля-кебабтан құжынаған құрт шықты (видео)

Ақтаудағы «Қазан-Мангал» дәмханасына тамақтануға келген қала тұрғынының люля-кебабынан құрт шықты. Кафе келушісі фарштан шыққан құртты видеоға түсіріп алып, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына арыз жазды.

Ақтауда кафе келушісіне ұсынылған люля-кебабтан құжынаған құрт шықты (видео)

Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Айдана «Қазан-Мангал» кафесіне күйеуі және баласымен барағанын айтты. Әйел онда өзіне люля-кебабқа тапсырыс берген. Алайда, кафе ұсынған люля-кебабты тістей қалғанда оның ішінен құжынаған аппақ құрт шыққан.

«Біз администраторды шақыруларын өтіндік. Бірақ, ол өз қызметкерлерінің бізге бұл тағамды әкелгенін мойындамады. Ол бізге қайта тапсырыс беруді ұсынды. Мекеменің иесі де, әкімші де бізден кешірім сұрамады. Біз есепшотты төлемедік. Мен тамақтың қалдығын өзіммен бірге алып кетіп, сараптама жасату үшін СЭС-ке апардым. Бірақ, олар видеоның өзі жеткілікті деп, тағамды алған жоқ. Олар онда тексеру жүргізетіндерін айтты және оның нәтижесін электронды поштама жіберуге уәде берді», – деді Айдана.

Сол күні әйел асқазанын жуу үшін облыстық ауруханаға барды. Оның айтуынша, мейрамхана басшысылығы оның жұмысына келіп, кешірім сұрады.

«Әкімші мен мекеме басшысының менің көлігімнің нөмірі мен жұмыс орнымды қайдан біліп алғандарын білмеймін. Бірақ, администратор келіп кешірім сұрады. Бірақ, кафе иесі кешірім сұрамады», – дейді Айдана.

Талқылау