Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда із-түссіз жоғалып кеткен 12 жастағы қыз іздестірілуде

12 жастағы Диана Бекхожаева Ақшұқыр ауылының маңында жоғалып кетті. Туыстары оның 23 шілде күні кешкі ас уақытында, сағат 20:00-де ата-анасынына ескертпестен үйден шығып кеткенін айтты.

Ақтауда із-түссіз жоғалып кеткен 12 жастағы қыз іздестірілуде

12 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы tumba.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Кешкі ас уақыты болатын. Диананы дастарханға шақырғанда ғана оның үйде емес екенін білдік. Ол барып қалуы мүмкін деген барлық адамдарға қоңырау шалдық, бірақ ешкім ештеңе білмейді», – дейді Диананың апайы.

Диананы іздеген туыстары құқық қорғау органдарына жүгініп, медициналық мекемелерді де қарап шықты. Бірақ, ешкімге ескертпей үйден шығып кеткен қыздан қазірге дейін хабар жоқ.

Із-түссіз жоғалып кеткен 12 жастағы қыз үйден шығарда қара кроссовки, қара шалбар киіп кеткен. Сондай-ақ, оның үстінде жасыл кофта және алқызыл күртеше болуы мүмкін. Оның бойының ұзындығы 165 сантиметр және ірі денелі келген.

Диана туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 87027794255; whatsapp- 87013339419 Самал, Гүлсамал.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау