Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ер адам көшеде купальникпен серуендеді (видео)

Ақтауда көшеде купальникпен серуендеп жүрген жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ақтауда ер адам көшеде купальникпен серуендеді (видео)

Бұл туралы Lada.kz Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде ер адамның қала көшелерінде әйелдерге арналған купальникпен және шұлықпен серуендеп жүргені түсірілген видео пайда болды. Жігіт видеода купальникті бәстескендіктен кигенін айтады.

Қазір полиция аталған видеоны тексеруде, содан кейін купальникпен серуендеген ер адамды іздеп оған қатысты шара қолданады.

Дегенмен, мұндай «ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, осы заңды бұзғандар бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге міндеттеледі, не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынады.

Талқылау