Ақтауда екі жасар қыз үшінші қабаттан құлап аман қалды
Ақтауда 2 жасап бүлдіршін үшінші қабаттан құлап кетті. Ол ағашқа құлап, соның арқасында жерге жұмсақ құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Оқиға 12 мамырда орын алған. Екі жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. Оның миы шайқалып, беті мен басы жарақаттанған.
«Ата-анасының сөзінше, қыз үшінші қабаттан құлап кеткен. Абырой болғанда, ата-анасының шұғыл түрде әрекет етіп, баланы бірден қабылдау бөліміне алып келгенінің арқасында оны құтқару мүмкін болды», - дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Бүлдіршіннің жағдайы тұрақталғаннан кейін, травматология бөліміне ауыстырылған. Қазіргі уақытта өзін жақсы сезінеді.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"