Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қыздарын зорлады деп айыпталған әкенің оқиғасы: Сараптама нәтижесі шықты

Маңғыстау облыстық полиция департаменті кіші жастағы қыздарын зорлады деп айыпталған әкеге қатысты сот-медициналық сараптама шыққанын мәлімдеді.

Айта кетейік, анасы қыздарының, әсіресе, 2005 жылы туған қызының туған әкесінен сексуалды зорлық көргенін айтқан еді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі, сот-медициналық сараптама нәтижесіне бойынша, әкесінің қыздарға сексуалды зорлық көрсеткені расталған жоқ.

«Сонымен бірге, іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған іс бойынша қосымша тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Қаңтар айының соңында әйел адам БАҚ-қа хабарласып, жағаұстарлық жайтты баяндады. Айтуынша, оның 10, 12, 14 жастағы қыздары туған әкесінен сексуалы зорлық көрген.

Алайда анасы полицияға жазған арызында 2005 жылы туған бір ғана қызының, зорланғанын атап көрсеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау